Мәдениет

Естен кетпес концерт

Есіл ауданындағы ардагерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» келген сайын тамаша істердің куәсі болып тұрамын. Соның бірі – жақында өткен «Есіл толқындары» халық ардагерлері ансамблінің концерті.

Ансамбль орындауындағы «Қыз Жібек» операсынан қо­йылымды тамашалап, бір жасап қалдық. Бейне кәсіби әртістерді көргендей болдық. Әже бола тұра Жібек болып, ата болса да Шеге, Төлеген болып сахнаға шыққандар тәнті етті. Ал Бекежан рөліндегі ақсақал шыққанда, кәдімгі кітаптан оқыған Бекежанды көргендей болдық.

Концерт бағдарламасының екінші бөлімінде Қазақстан сазгерлері және халық композиторларының шығармалары орындалған кезде залдағы көрер­мендер қосылып, бірге шырқай жөнелді. Мұның өзі концерт бағдарламасы мен көрермендер көңіл күйінің үндестігі болатын. Ансамбльдің жетекшісі Фанида Нұрбаеваға, қоюшы режиссер Қарлығаш Құспановаға, концертмейстер Мейрам Елубаевқа, жалпы ансамбль мүшелерінің барлығына шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеймін! Концертті жапқан әнді орындаған Серік Төлепов пен Қарлығаш Серіковаға залдағы барлық көрермен орнынан тұрып қол соғып, әнге қосылды.

Күләш ШҮРЕНОВА,

ардагер ұстаз, Қазақстан Республикасы
білім беру ісінің үздігі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button