ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ШОУ ДА, ЖЕҢІЛДІК ТЕ БОЛАДЫ



1WnSc93BVXU8g1ud3T5riK7eIZO0X8

Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Конституция күні қаладағы сауда орталықтарында шоу-концерттер өтіп, тауарларға жеңілдіктер жасалады.

Атап айтқанда, мереке күні «Ханшатырда» «Ханталапай» ұлттық ойыны ойнатылып, сыйлықтар та­быс­талады. 31 тамызда «Көк түр­кілер» ұлттық оркестрі қонақ­тар­дың делебесін қоздырып, құлақ құрышын қандырмақ.

30 тамыз күні «MEGA Astana» СОО-да бағалы сыйлықтар тігілген викториналар мен бірнеше ойындар ұйымдастырылып, концерт қойылады. Балаларға аквагрим жасату және естелікке фотосуретке түсу тегін болады.

«Сарыарқа» орталығында 7-8 жастағы 7 конкурсанттың қатысуымен шоу өтеді. Шараға қатысушылар өздерін таныстырып, төл туындыларын көрсетіп, өнерлерін ортаға салады. Сонымен қатар, келушілерге орталықта та­уарларды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік туады.

Мереке аясында «Керуен» СОО «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетілмек. Бұл күндері орталыққа келушілерге жаңа топтамалар ұсынылатын болады.

«Азия Парк» СОО-да әнші Адам және басқа да өнер жұл­дыздары мен би ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтеді. 31 тамыз күні «Azia Park Live Muzic» саз кеші өтсе, 1 қыркүйекте концерттік бағ­дарлама қойылып, бағалы сый­лықтар ойнатылады. Сонымен қа­тар, келушілер кәнігі аспаздық ше­берлік сыныбына қатысып, ойын залында сауық құ­руларына болады.

«Арсенал» кинотеатрында 30, 31 тамыз, 1 қыркүйек күндері «Менің Қазақстаным» атты балалардың сурет байқауы өтіп, кинотеатр­да мерекелік фильмдер көрсетіледі.

«Аружан» – Астана қаласының әншілері мен бишілерінің кон­церттік бағдарламасын ұсынады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button