Жаңалықтар

Шуылдайтын жолақтар орнатылды



Бас қаладағы жаяу жүргіншілер өткелінің алдынан шуылдайтын жолақтар орнатылды. Мұндай қызық жолақтар көлік жүргізушілерінің жаяу адамдар өтетін жерге назарын аударуға көмектеседі.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мамандары мұндай сызықтар 7 жол учаскесінде орнатылғанын хабарлады. Бұл тәжірибе алдағы уақытта жалғасады дейді олар. «Мұндай шаралар қала жолдарындағы қауіпті учаскелердің санын азайтуға және жол-көлік оқиғаларын болдыр­мауға мүмкіндік береді» деп атап өтті елордалық полиция департаментінің жетекшісі, генерал-майор Ержан Сәденов. Полицейлер қаладағы әртүрлі жол бөліктерінде қызық жолақтар орнату жөнінде өтініш-хаттар жазады. Негізінен, ондай қауіпті жол бөліктері шағын көшелер мен орамдардың ішкі жағында орналасқан.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button