Ел тынысы

Студенттер мен оқушылар арасында эстафета жарысы өтеді

6 мамыр күні елордадағы Триатлон саябағында астаналық мектептердің 8-11 сынып оқушылары мен ООО және ЖОО студенттері арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған жеңілатлетикалық эстафета жарысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Эстафета жарысына спорттық дайындығы бар және медициналық тексеруден өткен оқушылар мен студенттер ғана қатыса алады. Команда өкілдерінің эстафетаға қатысуға басшы мен дәрігер куәландырған өтінімі болуы қажет.

Барлық қатысушыларды жарысқа жіберудің міндетті шарты алдын ала дәрігерлік тексеруден өту және мандаттық комиссияға өтінім беру болып саналады.

Жарыстың өтетін уақыты – сағат 15:00.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button