ЖаңалықтарҚала тіршілігі

СУ ТӨГІЛМЕС ЖОРҒАДАЙ



жургизуши

«Астана таңдауы-2014» байқауы аясында елордалық жүргізушілер ерекше жарыста­ бақ сынасты.

Байқау ұйымдастырушылары жүргізу­ші­лердің шеберлігін судың көмегімен байқап көрді. Әрбір жүргізушінің кабина­сына су құйылған стакан қойыл­ды. Күрт тоқ­та­ғанда неме­се тежеуішті басқанда су дең­гейі азаяды. Бір айналым­нан кейін жүргізу­шінің стакандағы суы неғұрлым көп болса, оның шебер­лігі соғұрлым жоғары болады. Жарыс қоры­тын­ды­сы бойынша №1 авто­парктің екі жүргізушісі де тап­сыр­маны жақсы орындап шықты. «Астана таңдауы» бай­қауы ұйымдастырған акция­ға қатысқаны үшін Ақылбек Бекташев пен Қайзиден Тұр­сынбековке бейне­тір­кеу­іш­тер мен құрмет грамоталары табысталды.

Осылайша, «Астана таң­дауына» елор­да­лық қоғамдық көлік жүргізушілері белсенді қатысып, өз ара­ла­рын­дағы үздіктерді байқауға ұсынуда.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button