Елорда тынысы

Субұрқақтар сән береді



Елорданың көркін ашып, әсем көрініс сыйлайтын субұрқақтар ауа райының аптап ыстығында көшедегі жүргіншілердің сергіп салқындауына сеп болады. Ел астанасындағы 5 аудан аумағындағы субұрқақтар көшелерге сән беріп, қала тұрғындарына жайлылық сыйлайды.

Елордада мамыр айының басынан бері 70-тен аса субұрқақ іске қосылды. Атап айтсақ, Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының балансында екі субұрқақ нысаны бар. Олар «Жастар» сарайында және «Есіл» сауда үйі аумағында орналасқан.

Ал Сарыарқа ауданында «Өмір ағашы», «Сирень», «Ақжайық», «Атырау», «Жастар театры», «Айналмалы шар», «Әлия Молдағұлова ескерткіші» маңында 10 субұрқақ бар.

Алматы ауданында балансында да 10 субұрқақ пен субұрқақ кешені бар. Президенттік саябақ, «Қазақ елі» алаңы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ, әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы, Отан қорғау­шылар алаңы, «Студенттік» саябақ, Абылай хан даңғылы бойындағы желекжол қасында орналасқан субұрқақтар аудан аумағына ерекше көрік берді.

Субұрқақтар саны бойынша абсолютті рекордшы Есіл және Нұра аудандары болып саналады. Мұнда барлығы 27 субұрқақ кешені бар, оған 48 субұрқақ кіреді. Оның ішінде «Ақ орда» субұрқағы, Министрліктер үйі жанындағы «Шаршы және би» мен «Нұржол» бульварындағы «Музыкалық» субұрқақ, «ҚазМұнайГаз» ғимараты маңындағы «Дөңгелек», «Каскад», «Кит» және Ғашықтар саябағындағы «Колесо и подкова» субұрқақтары бар.

Одан бөлек, «Астаналық», «Жетісу», «Еңбекшілер» сквері, «Сарқырама» желілік саябағында, EXPO-2017, «25 жылдық» саябағында субұрқақтар қосылды. Ботаникалық бақтағы субұрқақ елорда жұрты үшін жаз бойы қызмет етеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button