ЖаңалықтарМәдениет

ТАРИХИ ФИЛЬМДЕР ТҮСІРІЛЕДІ



с Е.Аманшаевым, 21.08

Жуырда Қазақстан кинематогафтары патриоттық фильмдер түсіруді қолға алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ермек Аманшаевты қабылдау үстінде осындай міндеттеме жүктеді.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде отандық кинематографияның жағдайы мен даму перспективалары, киностудияның қазіргі жұмысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары талқыланған. Мемлекет басшысы бүгінде киностудия қазақстандықтардың мәдени дамуында айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

Кино саласын дамыту үшін мемлекет тарапынан тиісінше жағдай жасалуда. Киностудия жоғары дәрежелі жабдықтармен және заманауи түсіру алаңдарымен қамтамасыз етілген. Осыны қаперге салған Нұрсұлтан Назарбаев ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал ететін патриоттық тақырыптағы фильмдер өндірісі қажет екенін атап өтті.

Патриоттық тәрбие жалаң сөзбен жүрмейді. Қазақ өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін даңқты, өнегелі тұлғаларын насихаттап, тарихын ту қылуға тиісті. Сондықтан да, Президент Қазақ хандығының түрлі тарихи кезеңдеріне және сол заманның айтулы тұлғаларына арналған кинолар түсірудің өзектілігін де әңгімеледі.

Айта кету керек, ресми қабылдауда Ермек Аманшаев мәлімдегендей, «Қазақфильм» жыл соңына дейін прокатқа түрлі тақырыптағы 8 фильм шығаруды жоспарлап отыр екен. Қазақстандық кинофильмдер былтыр 1 миллионнан астам көрермен жинаған.

Нәзира БАЙЫРБЕК




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button