ДенсаулықЖаңалықтар

БАЛАСЫ 1-СЫНЫПҚА БАРАТЫН АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Mantoux_tuberculin_skin_test

Оқу жылының басында қала мектептерінде 1-сынып оқушыларына туберкулезге қарсы екпе жасау жүргізіледі. Бұл екпе туберкулезге қарсы екінші екпе, біріншісін балалар туылған кезде алады.

Астана қаласы Туберкулезге қарсы диспансер фтизиопедиатрларының қатысуымен Манту сынамасын алдын ала қойғаннан кейін ғана аумақтық емханалар қызметкерлері иммундау жүргізеді. Екпе инфицирленбеген, дендері сау балаларға жасалады.

Манту сынамасы міндетті түрде дәрігер балаларды қараған соң ғана қойылады. Кейбір ата-аналар балалары үшін Манту сынамасынан қауіптенеді. Негізінде бұдан қорқудың қажеті жоқ, керісінше, бастапқы кезеңде қауіпті анықтап, туберкулездің қандай қауіпті ауру екенін ескерте отырып дер кезінде шаралар қолдану және алдын алу үшін көмек береді. Манту сынамасы бала ағзасына зиян тигізбейді. Салынатын қоспада микробактерия­лар дақылының фильтраттары бар, алайда олар қыздыру әдісі арқылы өлтірілген, сондықтан да қауіпсіз болып келеді.

Сынаманы жүргізу кезінде препаратты теріге салады, сондай-ақ бір реттік шприцтер пайдаланылады. Манту сынамасын арнайы оқыған, тиісті даярлықтан өткен және рұқсат қағазы бар медицина қызметкері жүргізеді. Манту сынамасы нәтижесі 72 сағаттан кейін белгілі болады, егер Сіздің балаңызға БЦЖ жасамаса және фтизиопедиатрға жіберсе уайымдаудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда ата-аналар баланы тұрғылықты мекенжайы бо­йынша емханада фтизиопедиатрдың тексеруінен өтуін қамтамасыз ету керек, бұл дегеніңіз – кеуде қуысының шолу рентгенограммасы, қан және зәрдің жалпы талдауы, т.б. Тексеру айналымы бір айдан аспауы қажет, себебі дәрігердің анықтамасы болмай, балаға сабаққа қатысуға рұқсат бермейді.

Екпені жүргізгеннен кейін баланың инъекция салған орнын қасымау керек.

Балаңыздың денсаулығына ұқыпты болыңыз!

Астана қаласы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button