Денсаулық

Иммундау апталығының берері не?

Сәуір басталғалы денсаулығы сыр бергендер көбейді. «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы» деп ата-бабамыз айтып кеткендей, көктем мезгілі ерекше күтім мен пайдалы тағам жеуді екі есе қажет етеді. Иммунитет әлсіреген соң, түрлі ауру белең алады. Бұған қарсы әлемде жыл сайын сәуірдің соңғы аптасында иммундау жұмысы жүргізіледі.

ДДҰ еуропалық аймақ бюросының бастамасымен соңғы 16 жыл ішінде жыл сайын сәуір айының соңында иммундау апталығы өтеді. Еуропалық иммундау апталығы – иммундауды насихаттаудың тиімді механизмі. Мақсаты – халықтың иммундауға назарын аударып, оның маңызы туралы сауатын арттыру. Сол арқылы вакцинациялау деңгейін арттыру. Бұл ретте халықтың осал топтарына ерекше назар аударылады.

Бүкіл әлемде өтетін иммундау апталығы Қазақстанда биыл 24-30 сәуір аралығына қойылды. Барлық жастағы адамдарды аурудан қорғау үшін вакциналарды белсенді қолдануға ықпал ететін бірыңғай иммундау апталығы миллиондаған адамның өмірін сақтап қалады және денсаулық сақтау саласындағы ең тиімді шараның бірі ретінде кеңінен танылған.

– Иммунопрофилактика – профилактикалық егу жұмыс­тарын жүргізу арқылы жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға, шектеуге және жою­ға бағытталған іс-шаралар кешені. Иммундау үшін Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес тіркелген отандық және шетелдік иммунобиология препараттары қолданылады. Вакцинациядан кейінгі иммунитет күші бірнеше жылға созылады. Кейбір вакциналар ағзаның өмір бойы инфекцияға төзімділігін тудырады, – дейді Астанадағы №3 қалалық емхананың дәрігер-терапевті Досбол Қайрат.

Қазақстанда вакцинация ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қатаң түрде жүргізіледі. Күнтізбе профилактикалық егу жұмыс­тарын жүргізу мерзімі мен тәртібін белгілейді. Бүгінде күнтізбеге В гепатитіне, диф­терияға, көкжөтелге, қызылшаға, қызамыққа, полиомиелитке, сіреспеге, туберкулезге, паротитке, гемофильді инфекцияға, пневмококк инфекциясына және тұмауға қарсы егу енгізілген. Дәл осы аурулар халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді және эпидемияның дамуына дейін адамдар арасында таралу қау­пі жоғары.

– Күнтізбеге енгізілген негізгі инфекциялардан басқа, басқалары бар, мысалы, сібір жарасы, туляремия, желшешек. Бұл инфекциялар ұлттық профилактикалық егу күнтізбесінің екінші бөлігіне – эпидемиялық көрсеткіштер күнтізбесіне кіреді. Эпидемия­лық көрсеткіштер бо­йынша профилактикалық егу жұқпалы аурулардың пайда болу қаупі төнген кезде азаматтарға, эндемиялық өңірлерге баратын немесе оларда тұрақты тұратын адамдарға жүргізіледі, – дейді дәрігер.

Вакциналар арқылы алдын алуға болатын аурулардың көпшілігі оңтайлы қорғанысқа қол жеткізу үшін вакцинаның бірнеше дозасын қажет етеді. Вакцинация күнтізбесіндегі әрбір доза қорғанысты құруға немесе сақтауға арналған. Екпенің кез келген дозасын өткізіп жіберу немесе кешіктіру инфекцияны жұқтыру және ауыр аурудың даму қау­пін арттырады.

– Вакцинопрофилактика – профилактикалық медицинаның ажырамас бөлігі. Вакцинацияның арқасында өмірге қауіп төндіретін көптеген жұқпалы аурудың таралуын болдырмауға мүмкіндік туды. Жаппай вакцинопрофилактика жетістіктерінің арқасында шешек ауруын толығымен жоюға, дифтерия, В гепатиті, сіреспе және басқа да көптеген жұқпалы аурудың жиілігін бірнеше рет азайтуға болатынын ұмытпаған жөн, – дейді сала маманы.

Халықтың қарқынды көші-қон процесінің қазіргі жағда­йында, әсіресе Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстаннан жабайы полиомиелит вирусын, қызылша вирусын, пандемия­лық тұмауды және жұқпалы аурулардың басқа да қоздыр­ғыштарын кез келген елге, оның ішінде Қазақстанға әкелу қаупі тұрақты. Профилактикалық егуді кеңінен жүргізудің арқасында Астана қаласында дифтерия, сіреспе, полио­миелит, құтыру сияқты аурулар тіркелген жоқ. Вакцинацияның арқасында басқарылатын инфекциялардың өршу жиілігі соңғы жылдары күрт төмендеді, көптеген ата-ана да, денсаулық сақтау саласының мамандары да вакцинаның алдын алуға адал. Вакциналарға қатысты қоғамдық пікірге ғаламторда, баспасөз беттерінде вакцинацияның қажеті туралы жарияланымдар әсер етеді. Сонымен қатар вакцинация арқылы алдын алуға болатын аурулардан жыл са­йын Еуропа елдерінде көптеген жас бала көз жұмады. Қазақстанда елдің бәріне вакцинация тегін жүргізіледі, оның ішінде басқа елдерден келгендерге де қолжетімді. Иммундау апталығы кезінде, қалада тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелмеуіне қарамастан, бүкіл адам қаланың аумақтық емханасында екпе ала алады. Медицина мамандары бүгінгі таңда көптеген ауруға қарсы алдын алуда иммундауға балама жоқ екенін тағы да еске салады. Осыған орай, қазіргі таңда №3 емханада мына вакциналарды алуға болады:

  1. В гепатитіне қарсы вакцина медициналық оқу орындарының студенттері мен емхана қызметкерлеріне арналған.
  2. АДСМ – осы емханаға тіркелген 16 жастағы жасөспірімдерге ата-анасының рұқсатымен және 26, 36, 46 жастағы ересек тұрғындарға салынады.
  3. Қызылшаға қарсы вакцина медицина көрсетілімі бо­йынша және аурумен байланыста болғандарға егіледі.
  4. Диаскинтест – көрсетілімі және мантуға оң ­реакция беретін, аурумен байланыста болғандарға салу жоспарланған.

Егу Астана қаласы, Рес­публика даңғылы, 56 мекенжайдағы №26 кабинетте таңғы сағат 8:00 мен кешкі 18:00 аралығында жүргізіледі. Мұндай шаралар қаланың өзге де емдеу мекемелерінде жүріп жатыр.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button