Денсаулық

Көктемде қалай тамақтанған жөн?

Адамдардың көпшілігі қыста аз қимылдап, көктем шыққанда қимыл-қозғалысты көбейтеді, күн жылып немесе қайта суып, үстімізді біресе шешіп немесе біресе қатты киініп алатын жайт жиі кездеседі. Осы кезде әлсіреп тұрған иммундық жүйеге бірден күш түседі.

Ер адамдарға қарағанда, әйелдер дәрумен тапшылы­ғына жиі ұшырайды. Себебі әйел ағзасындағы физиология өзгерістеріне байланысты дәрумен қоры азаяды, оның аздығы жүктілікке, босануға және арасы жиі жүктілік, емізуге, жалпы әйел адамның ағзасына байланысты. Табиғи тағамдарды жиі пайдаланған жөн. Соның ішінде ұлттық сусындарымыз – шұбат пен қымыз ішіп тұрса, иммунитет күшейеді. Ағзасында кальций жетіспейтін адамдар тары жегені дұрыс. Бұған қоса, ас мәзірінде көкөністерді жиі пайдалану керек. Құрамында дәрумені көп тамақты талғап жеу керек. Мәселен, сәбіз, қырыққабат – ең пайдалы көкөніс. Оның құрамында В1, В2, В6, С, Е, РР, К дәрумендерімен қатар, минералды тұз да бар. Сәбіз көздің көруін жақсартып, терінің жақсаруына әсер етеді. Қызылша шаршауды басып, күйзеліс­тен құтқаратынын көбіміз біле бермейміз.

Көктем мезгілінде тамақтанудың негізгі ережелері:

– Жиі әрі аз-аздан, күніне әр 2,5-3 сағат сайын 5-6 рет тамақтану қажет;

– Рационда ақуыздың, майдың және көмірсутегінің болуын қадағалау керек;

– 1 күн ішінде тұтынатын майды, ақуызды және көмірсутегін тәбетіңізге қарай ретімен ішіп-жеу қажет;

– Таза су, күніне 2 литрден жоғары мөлшерде су ішу керек, су жасушалардың қалыптасуына әсер етеді, терідегі құрғақтықты жояды.

– Таза тамақ (жартылай фабрикаттардан, тез дайындалатын тағамдардан және тәттіден бас тарту);

– Көктемнің алғашқы 1,5 айында спиртті ішімдіктерден мүлдем бас тартыңыз. Ол ағзаның тазару процесін бұзып, жаңа жасушалардың өсуіне әсер етеді.

– Аскөк, ақжелкен сияқ­ты көкөністі көп тұтынған дұрыс. Рационға смузи, кинза (кориандр) қосуға да болады. Олардың орнын жазға қарай қарбыз бен қауын баса алады.

– Көбірек қозғалып, жүгіруді қолға алсаңыз, ағзадағы қыстан қалған токсиндер термен шыға бастайды. Сауна мен моншаға жиі бару ағзада жиналған токсиндерді шығаруға көмектеседі, былайша айтқанда, тері жаңарады.

Айдана АЯЗБЕК,

№11 емхананың

ІІ санатты отбасы дәрігері

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button