Ел тынысы

Қоғамдық кеңістіктер қайда ашылады?

Биыл қала басшылығы 170-ке жуық аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жоспарын жасаған. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек ақпарат таратты.

«Ауа райы жылынғаннан кейін елордамызды көркейту бойынша ауқымды жұмыс басталып кетті. Нақтырақ айт­қанда, абаттандыру және көгалдандыру, жол жөндеу және салу, санитарлық тазалау, жөндеу-қалпына келтіру жұмысы және т.б. Биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты жоспарымыз бойынша, 1 миллион жасыл желек отырғызылады. Мәселен, Ұлытау аллеясын, Мәңгілік ел, Тәуелсіздік даңғылдарын ауқымды деңгейде абаттандырып, көгалдандырамыз. Сон­дай-ақ «Қазақ елі» алаңын, «Мыңжылдық» аллеясын, Жүргенов аллеясындағы гүлзарды, «Керуен» СОО жанындағы гүл­зарды және т.б. абаттандырамыз. Сонымен қатар, ес­кі вокзал мен оған іргелес Гете мен Біржан сал көшелерінің аумағы абаттандырумен қамтылады. Жағалау шағын ауданы да кешенді абаттандырылады. Бұған қоса, Ақбұлақ жағалауы, Президент саябағы және «Бейбітшілік пен келісім» саябағы енетін Есіл өзенінің бойындағы саябақ кластерін абаттандыруды жоспарлап отырмыз.

Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы барлық ауданда, оның ішінде елді мекендерде де жүргізіледі» деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ әкім биыл 50-ден астам көшені жөндеу жоспарланғанын жеткізді. «Тағы 200-ден астам көше ағымдағы жөндеумен қамтылады. Сонымен қатар, күнделікті негізде жөндеу-қалпына келтіру жұмысы, санитарлық тазалау, экоакция және тағы басқалар жүргізіліп жатыр» деп жалғады сөзін Жеңіс Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button