Ел тынысы

«Алаш» саябағында экоакция кезінде алма ағаштары отырғызылды

«Алаш» саябағында экоакция кезінде алма ағаштары отырғызылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында Біріккен мұражайлар дирекциясы МКҚК және Астана қаласы Мәдениет басқармасының қызметкерлері «АЛЖИР” мұражай-мемориалдық кешенінің “Алаш” саябағының аумағын тазартты.

Экоакция барысында алма ағаштарының 20 көшеті отырғызылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акциясы аясында қарттар үйлері, ардагерлер, қызмет атқару кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасылары тұратын үйлердің аумағын абаттандыруға бағытталған «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы қарқынды өтуде. Қаланың әрбір тұрғыны маңызды акцияға өз үлесін қоса алады.

Ауқымды экоакция шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button