Ел тынысы
Брусиловский және Титов көшелерінің учаскелері уақытша жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Е. Брусиловский мен Г. Титов көшелеріндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Е. Брусиловский көшесінің Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі учаскесінде 5-6 мамыр аралығында қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Сондай-ақ Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде Г.Титов көшесіндегі жол жабынына жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Осыған байланысты 5-6 мамыр аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.