Руханият

Тәжірибелі дикторлар қайта оралмақ



Газетімізде «Телетерезе» айдары ашылғалы қазақ телеарналары, телебағдарламалар төңірегінде мазмұнды материалдар жарық көріп келе жатқаны жалпы оқырманға белгілі. Солардың қатарында «Дикторлар неге тістеніп сөйлейді?» (5 маусым, 2018 ж.), «Дикторлар дұрыс сөйлесін десек…» (19 шілде, 2018 ж.) деген атпен тележүргізушілер туралы да мақалалар жарияланған еді.

Телеарналар – ел айнасы. Әр үйдегі көк жәшік жай ақпарат немесе көріп, тамашалап, уақыт өткізетін құрал ғана емес, ұлттық идеология жаршысы, тәрбие мен мәдениет ошағы екені де баршаға аян. Сол себепті әр көрерменнің телеарналар туралы айтуға, жазуға, өз ұсыныс-­талабын ортаға салуға толық хақысы бар.
Бұл орайда «Астана ақшамы» газетінің редакциясына келіп жатқан хаттар да аз емес. Аталған мақалаларды да біз, негізінен, осындай талғампаз, талапшыл, саналы көрермендердің ой-пікірі негізінде дайындаған болатынбыз. Аты айтып тұрғандай, екі мақалада да қазіргі көпшілік теле­жүргізушілердің сөйлеу мәнері, дикциясы, ақпарат жеткізудегі көзге оғаш көрініп тұратын қателіктері сыналған еді.
Арада ай өткенде Зе­йін Әліпбек, Айгүл Мүкей, Гаухар Керімова сынды 90-жылдардың соңында телеарналар арқылы елге есімі кеңінен танылған тәжірибелі дикторлардың эфирге қайта оралатыны жөнінде ақпарат тарады. Телеарна мамандары бұл жаңалықты фейсбук парақшаларында сүйіншілеп жазыпты.
Қыркүйек айынан бас­тап, яғни жаңа маусымда «Хабардың» негізгі жаңалықтарын енді Зейін Әліпбек пен Гаухар Керімова жүргізетінге ұқсайды. Ал белгілі тележурналист Айгүл Мүкей «Давайте, говорить» атты ток-шоуды жүргізбекші.
«Қазақстан» ұлттық ар­насының дикторы, белгілі тұлға Қымбат Досжан бұл жаңалыққа орай «Мен қуаныштымын. Майталмандар оралуда» деп пікір қалдырған екен.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button