Қала тіршілігі

Тоғыз лицензиямен толықты



Астанада күрес түрлерінен өткен Азиялық олимпиадалық іріктеу турнирінде балуандарымыз Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынын тоғыз лицензиямен толықтырды.

Азия елдерінің ең үздік балуандары сынға түскен жарыс барысында Рио-де-Жанейро ойындарына 36 лицензия үлестірілді. Еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен үш күнге жалғасқан жарыста Қазақстан балуандары жақсы көрсеткішке қол жеткізді деуге негіз бар. Атап айтқанда, тоғыз балуанымыз басты мақсатты орындап, Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Еркін күресте Дәулет Шабанбай (125 келі), Мамед Ибрагимов (97 келі), Ғалымжан Өсербаев (74 келі), Аслан Кахидзе (86 келі), грек-рим күресінде Нұрмахан Тінәлиев (130 келі), әйелдер күресінде Гюзель Манюрова (75 келі), Жұлдыз Ешимова (48 келі), Эльмира Сыздықова (69 келі), Екатерина Ларионова (63 келі) лицензия иегерлері атанды.

Осыған дейін әлем чемпионатында жүлдегер атанған грек-рим күресі шеберлері Алмас Кебісбаев (59 келі), Досжан Картиков (75 келі) және Артас Сана (57 келі) Рио ойындарына жолдама алып қойған болатын. Осылайша Қазақстан балуандары әзірге 12 лицензия алып отыр.

Балуандар үшін Олимпиада ойындарына лицензия беретін тағы екі турнир бар. Әзірге жолдамасыз қалған қазақ балуандары алдағы уақытта Ұлан-Батор және Стамбұл қалаларында өтетін жарыс­тарда бақ­та­рын сы­науға мүм­кіндік алады.

Ғалым Қожабеков

astana-akshamy.kz




Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button