Мәдениет

Түркі дүниесінің көркем әлемі

Түріктің танымал суретшісі Исмаил Аджар елордалықтарды өз шығармашылығымен таныстырды. Бүгінге дейін 200-ден астам жеке және топтық көрмелерге қатысқан оның жұмыстары Еуропа, АҚШ, Канада, Мексика, Араб түбегі елдері, Ресей, Молдова, Украина, түркітілдес Азия мемлекеттері, Қытай, Тайвань, Корея және Жапонияда көрсетілді.

Астаналық өнерсүйер қауымға арналған «Жады» атты көрмесін қылқалам шебері былайша түсіндірді:

– Көрме үшін таңдап алған туындыларым кешегі 16 мемлекеттің негізін қалап, күлдей жанып, қайта түлеген түркілердің тарихына негізделген. Қазір өмір сүріп жатқан географиялық аймағын туған жерім деп санайтын еліміздің 100 жылдығын тойлау аясында бұл көрме өткен тарихтың ізін тану жолындағы осы үдерістің куәсі болуға шақырады. Жады ұғымы тұрғысынан бұл көрмені ата-бабамыздың мекені – Қазақстанда өткізу жобама өзіндік әрі ерекше көзқарас береді деп сенемін.

Ашылу салтанатына Түркия Республикасының Қазақстанда төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу қатысып, суретші шығармашылығына тоқталды.

Исмаил Аджардың көркем туындыларында османлы, византия, анадолы өркениеттері көрініс тапқан. Атақты суретші бір сұхбатында: «Шетелді көп араладым. Сонда мен ирандықтардың ирандық, италиялықтардың италиялық, немістердің неміс сияқты сурет салатынын көрдім. Осман империясы, сопылық мәдениетіміз сияқты бай мұрамыз бар. Осыларды түсініп, түсіндіруіміз қажет» деген еді. Расында да, шебер туындылары шығыстың рухани әлемімен үндесіп, түркі әлеміне ортақ мәдениеттің шымылдығын ашқандай болады.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button