Қала мен Сала

Тұрғындар мәселесін шешу – басты міндет



Жыл басынан бері Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев 300-ге жуық тұрғынмен жеке қабылдауларда кездесті.

Аудан тұрғындарымен бетпе-бет жүздесулерде әлеуметтік көмек, инфрақұрылым және абаттандыру мәселелері талқыланды. Көбінесе қабылдаудан кейін аудан басшысы әріптестерімен бірге тұрғындар көрсеткен учаскелерді тексеруге шығады.

Аудан әкімдігінің құзыретіне жатпайтын кейбір мәселелер бойынша, мысалы, тұрғын үй немесе коммуналдық қызметтер бойынша консультациялар беріліп, жауапты басқармаларға сауал жолдауға көмек көрсетілді.

Тұрғындармен әкімдік қабырғасында ғана емес, көшпелі кеңестерде де кездесулер ұйым­дастырылып, қалалық басқармалар мен басқа да мемлекеттік органдардың, құрылыс компанияларының, кәсіпкерлер өкілдерінің араласуымен даулы мәселелер шешілді.

Ағымдағы жылдың басынан бері аула алаңдарында, құрылыс, инфрақұрылым нысандарында, саябақтар мен скверлерде барлығы 70-ке жуық кездесу өтті. Биыл көптеген мәселе, соның ішінде жүйелі қайталанған мәселелер де өз шешімін тапты, қалғандары бойынша жұмыс жоспарланып, жалғасуда.

Келесі жылы мамандар ауданның барлық аумағын жоспарлы түрде қамтитын кездесулерді жалғастыратынын жеткізді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button