Елорда тынысы

14 мың үлескер баспаналы болды

Елордада құрылысы ұзаққа созылған 120 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 14 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов баяндады.

– Проблемасы бар үлестік құрылыс нысандарының пайда болуының екінші толқыны аясында елордада 52 нысанда 150 үй тіркелген еді. Бұл тұрғыда 16 мыңнан астам үлескер алданып қалды. Мемлекеттік бағдарлама аясында 2019 жылдан қазірге дейінгі кезеңде 120 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 14 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Қалған 30 үй 2023 жылы және 2024 жылдың басында аяқталады деп жоспарланған, – деді Д.Досқұлов.

Оның айтуынша, қазір қала әкімдігі жанындағы ведомство­аралық комиссия аясында қаралған 10-нан астам нысан басқарманың бақылауында тұр. Бұл нысандар инвесторларды тарту арқылы салынып жатыр.

– Жақында қала әкімі аталған нысандардың барлығын аралап, жауапты адамдарға тиісті тапсырмалар берді. Бұл нысандарды аяқтау жұмыстары жалғасып келеді, – деді басқарма басшысы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button