Басты ақпарат

Түркістанды түлету – ортақ міндет



Мемлекет басшысы ­Н.­Назарбаев Түркістан облысына сапары барысында жаңа әкімшілік орталықты дамыту жобасымен танысты. Сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап көрді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Елбасы Түркістанның жаңа әкімшілік орталығының аумағын аралап көріп, мемориалды тас қалау рәсіміне қатысты. Осы жерде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа облыс орталығының даму перспективалары туралы баяндады. Мемлекет басшысына Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғырту аясында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары таныстырылды.
Елбасы осы сапар барысында Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы және бір ай мерзімде «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Жарлықтарға жария түрде қол қойды.
Н.Назарбаев соңынан облыс жұртшылығымен және Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесті. Ол жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Түркістан облысын құрудың және өңір орталығын Түркістан қаласына көшірудің тарихи әрі әлеуметтік-экономикалық мәніне барлау жасады.
Президент сөзінде Түркістанның күллі түркі халықтарының өмірінде алатын орнының ерекше жоғары екеніне де ой жүгіртті. Соңында ­Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанды түлетуге атсалысатын барлық тұрғындарға табыс тіледі.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button