Жаңалықтар

«KUNSHYAQ» шуақ шашады

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Kunshyaq» атты ойын алаңы ашылды. Қала әкімдігі мен «Ротари-клуб Астана» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен құрыл­ған инклюзивті платформа «Қазақстан» спорт кешені алдындағы алаңда орын тепті.

Алаңда 42 түрлі құрал-жабдық бар. Арба-орындығымен бірге шыға алатын мүмкіндігі бар ойын кешендері, қауіпсіз әткеншектер, лайықталған құм-орындықтар, арнайы тактильді панельдер орнатылған.
«Астана қаласы әкімдігінің атынан осы алаңның ашылуына қатысқандардың барлығына алғысымды айтқым келеді. Алаң – өте ыңғайлы және қала үшін өте қажет орын. Мұндай жобалар қалада әлі де көбейе түспек. Шаһарда тек қауіпсіздікті ғана қамтамасыз ететін емес, барлық тұр­ғын­дар үшін де арнайы бағдарламалар бар. Бұл жоба көзге айтарлықтай түседі деп ойлаймын. Біздің балаларымызды әкімдік дайындап отырған тағы бір сыйлық күтіп тұрғанын хабарлай кеткім келеді» деді алаңның салтанатты ашылуында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button