Жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРТУЫ



Елордада «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда ел өңірлерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Дәстүрлі жәрмеңкенің жаңа маусымын ­Түркістан облысы ашты.

Оңтүстік өңірдің 50-ден астам өндірушілері елордаға 99 тонна ет және ет өнімдерін, 75 тонна сүт өнімін, 152 тонна көкөніс, 21 тонна жеміс-жидек, 23 тонна картоп, 20 мың дана тауық жұмыртқасын, 11 тонна балық, 2 тонна бал, 31 тонна кептірілген жемістер мен түрлі консервілерді, 8 тонна басқа өнімдерді әкелді.

Жәрмеңкеде сатылған азық-түлік бағасы нарықтағы бағадан едәуір төмен болды. Қала жұртшылығы жәрмеңке үлкен қызығушылықпен келіп, сөредегі тауарды түгелдей сатып алды.
Сонымен, елордада 21 тамыздан бастап республика өңірлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің кезекті маусымы басталды. Аймақтардың ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері 31 қазанға дейін жалғасатын болады.

Олай болса, демалыс күндері жәрмеңкеге қатысып, қыстың қамын қазірден ойластыра жүріңіз, астаналықтар, демекпіз.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button