Елорда тынысы

Үздіктер анықталды



Қаламызда дәстүрлі отбасылық институтты насихаттау, отбасы құндылықтарын түсіндіру, отбасылық қатынастарды нығайту бойынша әлеуметтік желідегі отбасылық байқаудың марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Марапаттау рәсімі «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтті. Іс-шара Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолға алған «Отбасы – бақыт мекені» неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені аясында ұйымдас­тырылды. Отбасылық эстафетаға 35 жасқа дейінгі елордалық жас отбасылардан 50-ден аса өтінім түсті. Жеңіске жеткен үздік 20 жеңімпаз отбасы мыналар: Әбілдин, Айтпаев, Әселбеков, Әбдірайым, Есенханұлы, Жақсымбет, Жүнісбаев, Құлмырзаев, Қайрат, Қайыртаев, Мәдениет, Нұралин, Нұрғалиев, Паизов, Садыков, Срайыл, Сүлеймен, Тілегенов, Құрметбек, Юсупов. Бұл отбасыларға ақшалай қаражат, диплом, арнайы гүл шоқтары мен мүсіншелер тапсырылды.

Әлеуметтік желідегі отбасылық байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатына: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Бақытты отбасы» республикалық оқу орталығының басшысы Ырза Тұрсынзада, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Ажар Саргубенова қатысты.

Алдағы уақытты «Отбасы – бақыт мекені» неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенінде жас отбасылар арасында мәдениет, ұлттық дәстүрлер мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған «Үздік жас отбасы» конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Белсенді жас отбасылар жоба соңында бағалы және пайдалы сыйлықтармен марапатталады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button