ҰЛТТЫҚ ГВАРДИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРІЛДІ
Кеше ҚР Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров «Орталық» әскери аймақтық басқару бөлімінде өткен Ұлттық гвардияның оқу-әдістемелік жиынына қатысты.
Іс-шара аясында Ұлттық гвардия әскери кеңесінің отырысы өтті. Онда қызметтік-жауынгерлік жұмыс қорытындыланып, алдағы уақытқа айқын міндеттер қойылды.
Жиында Қ. Қожамжаров қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуде Ұлттық гвардияның маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол қызметті жақсарту мақсатында бірқатар міндеттер жүктеді.
Қажетті жерге әскери күшті жіберу, парашюттік-десанттық топ пен жауынгерлік барлау тобының әрекеттері көрсетілді.
Жиын соңында Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы «Орталық» әскери аймақтық басқару бөлімінің жеке құрамының әрекеттеріне оң бағасын берді.