ЖаңалықтарСаясат

Үміткерлер үгіт-насихатын бастайды



ERM_0520

Астана қаласының мәслихаты кезектен тыс сайлауға дайындық жүргізуде. 26 нау­рызда №20 сайлау округінде қалалық мәслихат депутаты сайланады.

– Аталмыш округ бойынша сай­ланған депутаттың мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы конституциялық заңына сәйкес, босаған орынға жаңадан мәслихат депутаты сайланады, – деп мәлімдеді Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Игілік Жалбыров.
Бас қаламыз бойынша бұл жұмысты 10 сайлау комиссиясы, оның ішіндегі 2 аумақтық, 1 округтік және 7 учас­ке­­лік комиссия ұйымдастырып, жүзеге асырады. Мәслихат депутатына дауыс беруге Алматы ауданының №35, 36, 37, 38, 63, 64, 82 сайлау учас­келері аумақтарында тұрып жатқан сайлаушылар қатысады.
«№20 сайлау округі бойынша 5 адамнан ұсыныс түсті. Оның ішінде 2 адам саяси партия атынан, яғни «Нұр Отан» партиясы мен Қазақ­станның халықтық коммунистік партиясы атынан ұсынылды. Қалған үшеуі өзін-өзі ұсыну бойынша тіркеліп отыр. Үміткерлердің 4-еуінің білімі жоғары, сонымен бірге орташа арнаулы білімі бар бір азамат тіркелген. Барлық кандидаттар Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы сайлау туралы конс­титуциялық заңына сәйкес, тексеруден өткен. Осы жылдың 11-25 нау­рыз аралығында үміткерлер сай­лауалды үгіт-насихатын жүргізіп, өз сайлау­шыларымен кездесе алады. Ол үшін барлығына тең жағдай қарас­тырылған» деп атап өтті қалалық сайлау комиссиясының төрағасы.

Айгүл УАЙСОВА




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button