ӘлеуметЖаңалықтар

Тасқын судан қалай сақтанамыз?

kbb_1736-3-asli

Қыс бітіп, қалың қар ери бастаған кезде су басу қаупі арта түсетіні белгілі.
Сол себепті елордада селдің алдын алу жұмыстары басталып кетті. Кеше Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аяқталды.

Биыл қалада қар мен жауын-шашынның мөлшері әдеттегіден екі есе көп. Осы орайда, төтенше жағдай қызметкерлерінің басты міндеті – қаланы қардан тазалап, тасқынды болдырмау. Қазіргі таңда қала бойынша тасқын жүруі мүмкін 37 аумақ белгілі. Олардың төртеуі Сарыарқа ауданына қарасты. Күннің күрт жылуынан 300-ге тарта жекеменшік үйі бар Көктал кентін су ша­йып кету қаупі жоғары. Елді ме­кендегі Мүгедектер мен қарт­тарға арналған медициналық әлеуметтік мекемесі Есіл өзеніне жақын орналасқан. Сол себепті мамандар арнайы оқу-жаттығу жұмыстарын дәл осы жерден бастады.
Астана қаласы Төтенше жағ­дайлар департаментінің басшысы, азаматтық қорғаныс полков­нигі Барат Дұзақбаев сақтық шаралары туралы баяндап берді:
– Біздің бөлімге Көктал-1 ықшам ауданында су басу қаупі туындағаны туралы дабыл келіп түсті. Соған сәйкес нақты тапсырмалар беріліп, дайындық жұмыстары пысықталды. Мә­селен, №3 өрт сөндіру бөлім­шесінде арнайы штаб құрылып, оған қаланың барлық жедел қызметтері мен апатты-құтқару жасағы тартылды. Олардың әрқайсысы өз бағыты бойынша жағдайды қадағалайды. Қала бо­йынша су тасқынына дайындық жұмыстары жақсы жүріп жатыр.
Тактикалық оқу-жаттығулары барысында құмға толы қаптардан қорғаныс үйінділерін жасау, қарды тазалап, шығару, тасқыны болған жерлерден суды сорып алу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, зардап шеккендерге жылыту мен тамақтандыру пункттерін ұйымдастыру, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру сияқты су тасқынына қарсы әрекеттер жоспарланған.
Көкталдағы құтқару шараларына 117 маман қатысып, 36 техника тартылды.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button