ЖаңалықтарСаясат

ЭКСПО НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

14853133_10154606516572208_3317336971697924885_o_0x0_f31

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен бірқатар депутаттар «Астана ЭКСПО-2017» аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысанда­рымен танысты және ха­лықаралық көрмеге да­йын­дық мәселесіне арналған кеңеске қатысты.

Мәжіліс төрағасы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ауқымды жұмыс­тар атқарылғанына тоқтала келе, таяу уа­қытта Астана энергия үнемдеу мен баламалы энергия көздерін пайдалануда әлем­дік үздік технологиялар үшін орта­лық алаңға айналатынын, көрмеге дайын­­дық аясында депутаттық корпус та елеулі үлес қос­қанын, атап айт­қанда, халықа­ралық көр­мелер туралы конвенция ратифи­ка­ция­лан­ғанын, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан­дырылған көрме мәселелері жө­нінде заң қабылданғанын атап өтті.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық жоғары бе­делінің арқасында еліміз осы бірегей шараны өткізу құқығына ие болды» деп еске салып өтті Н.Нығ­матулин. «ЭКСПО-2017» нысан­дарын аралау барысында Мә­жіліс спикері халықаралық көрмеге билет сатып алды. Осы орайда Мәжіліс төрағасы бүгінде көрме жаһан­дық ұлттық жоба мәртебесіне ие болып отырғандығын атап айтты.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық ком­паниясының өкілдері құрылыс барысы жайында тыңғы­лықты мәлімет беріп, алдағы уақытта атқарылатын шаралар жайында баяндап берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button