Жаңалықтар

БЖЗҚ өрісі кеңейді



Бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы арасында ортақ келісімшарт жасалды.

«БЖЗҚ» АҚ Астана қаласы филиалының басқарушы директоры Мұрат Шәріпов­ пен iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының директоры Жаннат Дүбірова өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұдан былай астаналықтарда зейнетақыға қатысты сұрақтары туындаса, «109» нөміріне телефон шалуға болады. Мысалы, зейнеткерлікке шығу үшін қандай құжат жинау керек немесе қай мекенжайға баруы қажет? Осындай сұрақтар бойынша кеңес беретін операторлар егер тұрғындар тарапынан маңызды мәселелер туындап жатса, БЖЗҚ мамандарымен байланысқа шығады. Спикерлердің айтуынша, алдағы уақытта «109» нөміріне қоңырау соққан елордалықтардың БЖЗҚ мамандарымен тікелей байланысуын қолға алады. Сонымен қатар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының call-орталығы да (1418)  жұмысын жалғастыра береді. Бірақ оның операторлары Алматы қаласында отырады.

Айта кету керек, iKomek-тің 60 операторы 770-тен аса қызмет түрі бойынша қоңырауға күндіз-түні жауап береді.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button