Жаңалықтар

Ынтымақтастыққа жол ашты



Nur Otan – екіжақты ынтымақтастыққа мүдделі партиялардың бірі. Жуырда партияның елордалық филиалы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды. Бұл туралы партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимов хабарлады.

«Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» жобалары аясында «UMMET» қоғамдық қорымен «Сүндет» шарасын және басқа да қайырымдылық шараларын өткізуге, атап айтқанда, жетім балаларға, мүгедектерге және тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетуге мәмілелестік. «Бірдей мүмкіндіктер әлемі» мүгедек балалардың ата-аналар қоғамымен (төрайымы Нұргүл Ұлжекова) бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз болашақ» атты партиялық жобаны іске асыру шеңберінде ынтымақтастықты дамытуға ниеттіміз. Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, жастар мен балалардың, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытып, ынталандыру мақсатында «Бақытты отбасы» жобасы аясында «ЮСИМАС» қоғамдық бірлестігімен меморандумға қол қойдық. Осы жоба аясында «Global Сапа» білім беру орталығы партиямен бірге жақын арада мұғалімдерге арналған білім беру семинарларын және т.б. өткізеді» деп жазды Е.Қаналимов өзінің фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ Ерлан Ермекұлы партияның қалалық филиалында заң емханасы ашылатынын мәлім етті. Бұл мәселе Жоғарғы соттың Әділет академиясы ректорының орынбасары Нәзила Раззақпен кездесуде талқыланған. Академияның негізінде құрылған «Ғалым» бастауыш партия ұйымы өткен жылы «Үздік бастауыш партия ұйымы» аталымында жеңімпаз атанған және ол елордадағы ең белсенді ұйымдардың біріне айналып отыр.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button