Елорда тынысы

Зауыттар мен логистикалық орталық салынып жатыр



Жеке инвестициялар тарту есебінен елордада бірқатар зауыттар мен логистикалық орталықтардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жөнінде Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.

Атап айтқанда, өндірістік-­азық-түлік кешені (нан зауыты, сүт өңдеу зауыты, көкөніс қоймасы), нан-тоқаш, ұн және кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған өндірістік кешен, заманауи логистикалық орталық, коммуналдық қойма және басқа да нысандар құрылысы жүріп жатыр. Аталған жобаларға арналған ин­вестицияның жалпы сомасы – шамамен 50 млрд теңге.

«Бірқатар зауыт пен логистикалық орталықтардың құрылысымен таныстым.

Мысалға, өндірістік-тамақ кешені нан зауытынан, сүт өңдеу зауытынан және көкөніс қоймасынан тұрады. Нан зауыты тәулігіне 25 тоннаға дейін өнім шығарса, көкөніс қоймасы 6 тоннаға дейін өнім сақтай алады. Нан зауыты мен көкөніс қоймасын келер жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Сүт өңдеу зауыты 2024 жылы тәулігіне 100 тоннаға дейін өнім береді.

Азық-түлік мәселесін қамтамасыз ету үшін заманауи логистикалық орталық және коммуналдық қойма секілді жобалардың да маңызы зор. Олар азық-түлікті де, дәрі-дәрмектерді де, сол сияқты өзге де маңыз­ды өнімдерді сақтауға мүмкіндік береді. Екі жобаға арналған жеке инвестициялар сомасы шамамен 32 млрд теңгені құрайды.

Осыған дейінгі инвестициялық кеңесте жоғарыда аталған зауыттар мен логистикалық орталықтарға қолдау білдіргенбіз. Жеке ин­вестицияларды жұмылдыру есебінен қалада мектептер, медициналық нысандар, спорт орталықтары, жылыжай кешендері, көтерме-тарату орталықтары және т. б. салынып жатыр. Осы жылдың 10 айында қала экономикасына 1 триллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. 2021-2022 жылдары – 2 триллионнан 300 млрд теңгеден астам» деді елорда әкімі.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button