Елорда тынысы

«Жайлы мектеп» көбейеді



Елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде оқушы орындарының тапшылығы мәселелерін шешу үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, елордада өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 22799 адамға артты, бұл ретте елордада оқушы орындарының тапшылығы 28447 орынды құрайды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде оқушы орындарының тапшылығы проблемасын шешу үшін Астанада 2023 жылдан 2025 жылға дейін тапсырыс беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ арқылы 88800 орынға шақталған 24 мектепті (2 ауысымда) пайдалануға беру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда бөлінген 23 жер учаскесінің 18-і АҚ-та ресімделді, желтоқсан айының соңына дейін «Samruk-Kazyna»-ға босату және беру жоспарлануда.

«Сатып алу шеңберінде бір учаске құрылыс басқармасына ресімделген. Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар анықталып, 15 нысанда монтаждау жұмысы жүргізілуде. Инженерлік желілерді мектептерге тартуға қатысты бүгінгі таңда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына жобалау-іздестіру жұмысы және жобалау-смета құжаттамасын әзірлеу жүргізілуде. Мемлекеттік сараптама қорытындысының болжамды шығу күні ағымдағы жылғы қараша айында күтілуде» деп мәлім етті Ерлан Каналимов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button