Жаңалықтар

Жайлы қаланың жаңалығы



«Нұр-Сұлтан – тұрғындарға жайлы» қала бағдарламасы аясында елордада жаңадан пайда болған қоғамдық кеңістіктер көбейіп жатыр. Сонымен қатар тұрғын үй аулалары мен саябақтарды абаттандыру жұмыстарына ерекше маңыз беріліп, қала келбеті көркейе түскен. Бұл өзгерістер қала тұрғындарының көңілін де көтеріп отыр. Күні кеше елорданың Көктал-1 тұрғын алабында пайдалануға берілген жаңа саябақ та көпшіліктің сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз.

«Нұр-Сұлтан қаласында елорда тұрғындары мен қонақтары бос уақытын тиімді өткізе алатын орындар саны артып келеді. Биыл қауіпсіз және жайлы қоғамдық кеңістіктер бірнеше есе көбейді. Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 елді мекенінде 16 гектарға жуық саябақ ашылды. Жаңа кеңістік үш үлкен аймаққа бөлінген. Барлық аймақтарды қыста да пайдалануға болады» деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграм парақшасында.
«Нұр-Сұлтан – тұрғындарға жайлы қала» бағдарламасының мастер-жоспары аясында қаланы көркейтуге бағытталған көптеген жобаларды жүзеге асыру көзделген.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button