Жаңалықтар

ЖАҢА БӨЛІМ АШЫЛДЫ



болим

Елордалық №1 қалалық ауруханада жаңадан пульмонология бөлімі ашылды. Енді сәуір айынан науқастарды қабылдай бастайды.

Аталмыш бөлім 15 керуетпен жабдықталған. Пневмония, өкпенің созылмалы ауруы, демікпе және сирек кездесетін өкпе ауруларын емдейтін бөлімде кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін және ақылы қызмет көрсетіледі.

Бүгінде тыныс алу органдарының ауруы – денсаулық сақтау саласының маңызды мәселелерінің бірі. Қосымша пульмонология бөлімін ашу қажеттіліктен туындап отыр.

 

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button