Жаңалықтар

ЖАҢА ГИБРИД КӨЛІКТЕР КӨРМЕСІ



авто 2

Астана қаласында 10-12 қазанда «ExpoGroup» халықаралық көрме компаниясының ұйым­дастыруымен «Astana International Auto Salon-2014» (AIAS-2014) екінші халықаралық авто­көлік көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Қазақстанда алғашқы электромобильді таныс­тырған халықаралық дәрежедегі елордалық автосалон биыл өзінің желісін гибрид автомо­биль­дермен кеңейте түс­пек. Іс-шара «жасыл» та­қырыпты жалғастыра ке­ле, қазақстандық жолдарда қоршаған ортаға ең аз шы­ғынмен инновациялық
технологияларды енгізу­дегі маңызды қадамға ай­нал­мақ. Бұл – «Болашақ энер­гия­сы» тақырыбында өтетін «ЕXPO-2017» халықаралық маман­дан­­дырылған көрмесін өт­кізу қарсаңындағы аса маңызды мәселе.

«AIAS-2014» экспозициясында «Mitsubishi», «Renault», «Jeep», «Volkswagen», «Maserati», «SsangYong», «Peugeot», «Iveco», «Hyundai», «Lada», «Skoda», «Kia», «Chevrolet» және басқа да әлемдік және отандық брендтер ұсынылады. Ке­лушілер көлік аксессуарлары, қосалқы бөлшектер, автохимия мен автокосметика, тюнинг, автоэлектроника, автонесиелеу мен автосақтандырумен таныса алады.

Көрме ҚР Инвести­циялар және даму ми­нистр­лігінің, Астана қа­ласы әкімдігінің және қазақ­стандық автокөлік биз­несі қауымдастығының қолдауымен «Көрме» ор­талығында өтеді.

 Жақсы СӘТҰЛЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button