Басты ақпарат

Жақынымызға жанашыр болайық!



Әлемде, бізбен көршілес елдерде індет тағы өрши бастады. Демек, бейқамдыққа бой алдыруға болмайды деген сөз. Сақтықта қорлық жоқ. Сол себептен елордада карантин шаралары күшейтіледі. Қатаң талаптарды бұзған мекемелер мен нысандар жабылады. Бас қаланың тұрғындары мен қонақтары көпшілік орындарда бетперде тағып жүру тәртібін сақтағаны жөн. Қандай жағдай болса да бір-бірімізге, жақынымызға жанашыр болайық, халайық!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен COVID-19 екінші толқынына дайындық және мобильді топтар жұмысы талқыланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың COVID-19 екінші толқынына дайындық туралы тапсыр­масы аясында елордада карантин шараларының сақталуына мониторинг және бақылау жөніндегі шараларды күшейту туралы бұйрық берілді. Ережелерді жиі бұзатын нысандар: ойын-сауық мекемелері, қоғамдық тамақтану ұйымдары – кафелер, мейрамханалар, караоке, барлар, сауда орталықтары мен базарлар.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мобильді топтар жұмысын күшейтуді және кәсіпкерлік субъектілеріне күнделікті түнгі және күндізгі рейдтер жүргізуді, карантинді бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.
«Сонымен қатар, COVID-19 екінші толқыны болған жағдайда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мен дәріханаларда бағаның өсуіне жол бермеу қажет. Жауап­тылар дәрі бағасын қатаң бақылауға алуы керек. Басқа елдерден келетіндер үшін міндетті ПТР тестілеу қажет» деді Б.Мәкен.
Маска тағу тәртібін сақтамаған азаматтарға да шара қолданылады. Жиналысты қорытындылай келе, жиналғандар COVID-19 таралуын болдыр­мауға және алдын алуға бағытталған шешімдерге қолдау білдірді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button