Басты ақпарат

Індеттің екінші кезеңіне дайындық

Жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індеттің екінші кезеңіне дайындық жөнінде кеңес өткізген еді. Осы жиында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Президент алдында есеп берді. Бұл туралы қала әкімі өзінің Инстаграм парашасында жазды.

«Мен Президентке індеттің екінші кезеңіне даярлық және сол бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндадым. Қазіргі кезде жедел медициналық көмек станциясы автопаркін екі еседен артық ұлғайттық. Медмекемелер қажетті жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді» деп жазды елорда басшысы.
Кейінгі апталарда өкпені жасанды желдеткіш аппараттары (бұған дейін сатып алынған ИВЛ аппараттарын қосқанда 434 бірлік), 2 компьютерлік томография аппараты (қалада барлығы 19 КТ бар), өкпенің зақымдану мөлшерін көрсететін 7 цифрлы рентгенографиялық жүйе, 3 оттегі резервуары сатып алған.
Сонымен қатар медмекемелерге бұған дейін мыңнан астам оттегі концентраттары, 500 көпфункционалдық арнайы кереуеттер, мыңнан астам флоу­метрлер алынған болатын. 1600 оттегі нүктелері бар.
«COVID-19 белгісі бар пациенттерге нәтижелі медкөмек көрсету үшін 4-деңгейлі алгоритм құрылды. Ол көмек көрсету деңгейі мен күрделілік дәрежесіне қарай пациенттерді ұтымды сұрыптауға арналған. Жеке медұйымдар, республикалық клиникалар, медициналық ЖОО студенттері мен оқытушылық-профессорлық құрам санатынан кадрлар резерві қалыптастырылды. Қазіргі күні резервте 1500-дей маман есепте тұр» деді А.Көлгінов.
Аталған шаралардың бәрі жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Қалалықтар санитарлық-індет нормаларын қатаң сақтауды естен шығармауы тиіс.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button