Жаңалықтар

Жәрмеңкеге келіңіз, өкінбейсіз!



3-4 қазан күндері «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қостанай және Қарағанды облыстарының қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Екі күн ішінде 14 аудан мен 7 қаладан 130-дан аса кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалайды. Жәрмеңкеде сүт, ет өнімдерін шығаратын респуб­ликаға және шет елге танымал кәсіпорын брендтері өз өнімдерін ұсынады. Кәсіпорындар 980 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін сатуды жоспарлап отыр. Барлық өнім орташа нарықтық бағадан 10-15 пайыз төмен сатылатын болады. Келушілер санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен қашықтықты сақтауды, маска тағуды және санитайзерлерді қолдануды ұмытпау керек.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button