Елорда тынысы

Жас мемлекеттік қызметшілер іріктеледі



Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік секторға таланттар пулын іздеу және тарту мақсатында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне» іріктеу жұмыстарын жүргізді.

– Дарынды, талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметке жұмысқа тарту мақсатында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы іске асырылып жатыр. Жастар үшін бұл жобаның берері мол. Мәселен, ЖОО-да оқып жүрген жастар осы жобаның көмегімен мемлекеттік қызмет саласына қатысты пайдалы ақпараттарды біліп, қызметтің жауапкершілік жүгін сезінетін болады, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әбдіқахар Сламқұл.

Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары мен жоғары оқу орындарының бітіруші түлектерінен 90-нан астам өтінім түсіп, олар мамандықтарына сәйкес бағыттарға бөлінді.

Жобаның екінші кезеңі «Эссе жазу» Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында өтті. Бұл кезеңде қатысушылар тақырыптар тізбесіне сәйкес көлемі 500 сөзден аспайтын эссе жазып, өз білімін сынады. Бұл кезеңнен сүрінбей өткен жоба қатысушылары келесі кезеңге өтеді. Үшінші кезең Қазақстан Рес­публикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында дайындық бағдарламасынан өту мен өндірістік тәжірибе кезінде таныстыратын жоба әзірлеу бойынша жүргізіледі.


Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button