Елорда тынысы

Жаңа ғимарат заман талабына сай

Алматы ауданындағы №44 мектептің жанынан 540 орынға арналған жаңа ғимарат ашылды. Іс-шара білім ордасының жарты ғасырлық мерейтойына тұспа-тұс келді.

Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, білім саласының мамандары мен аудан тұрғындары қатысты.

– 1972 жылы 640 орынға арналған мектеп есігін ашты. Елорданың халық саны жыл сайын көбейіп, мектепке қажеттілік артты. Осыны ескеріп, 2000 жылдардан қала басшыларына өтініш білдіре бастадым. Осы арманым іске асуында шаһар басшысы Жеңіс Қасымбек қамқорлық танытты. «NAK» құрылыс компаниясының басшысы Серік Қасымбеков берекелі іске дем берді. Ел деген азаматтарға алғыс білдіремін, – деп ағынан жарылды ашылу салтанатында Майра Қоразова.

Бүгінде мектепте 1027 оқушы екі ауысымда оқиды. Әрине, шәкірттердің сапалы білім алуы үшін кең де жарық ғимаратқа сұраныс бар. Сондықтан мектептің қосымша ғимараты ашылуы, оқушыларға сапалы білім берудің бір тетігі деп қабылдадық.

Қалалық білім басқармасы Жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Асыл Аманкельдиева:

– Білім ордасы сапалы білім беру тұрғысынан кемшін емес болатын, бірақ екі ауысымда өткізілетін оқу процесінде қиыншылықтар болғаны шындық. Сондықтан болар, қала әкімдігі аудан тұрғындарының сұранысын жерге тастамай жергілікті бюджеттен қаржы бөліп, уақыт талабына сай ғимаратты салдырды. Ғимарат Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының талаптарына сай салынды. Енді мектептің бұрынғы ғимаратында бастауыш сынып оқушылары білім алса, жаңа ғимаратта жоғарғы сыныпқа арналады, – деді.

Мектеп директоры Ләззат Күлтаева қонақтарды мектептің жаңа ғимаратымен танысуға шақырды. Химия, физика, биология кабинетінде тәжірибелік сабақ өткізуге ыңғайлы етіп құрылыпты. Бастысы, қыз балаларға арналған тігін және аспаздық кабинеті, ұлдарға арналған шеберхана бар. 570 шаршы метрді қамтитын спорт зал, ауқымды кітап­хана, асхана қосылыпты.

Манап ӘДІРЕШЕВ, Қалалық Ардагерлер кеңесінің медиатобының

Мүшесі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button