Жаңалықтар

«Жас сарбаздар» көмегі



Бас қаладағы «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері әскери дәрігерлерге азық-түлік жиынтығын сыйлады.

Бұл шара Қазақстан Республикасы тә­уелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып өткізілді. «Жас сарбаздар» әскери дәрігерлерге «Жүректен жүрекке» шарасы аясында 30 азық-түлік пакетін табыстады. Қайырымдылық іс-шара Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-патриоттық орталығы мен «Магнум» сауда орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
«Мұндай акциялар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Карантин кезінде вирустың таралуын болдырмау үшін жанқиярлықпен жұмыс жасап жүрген дәрігерлерге барынша қолдау көрсету – біздің парызымыз. «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері осындай қайырымдылық жасаудан жалықпайды және барлық қамқор адамдарды ортақ іске қосылуға шақырады» дейді «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қауымдастығының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button