Әлеумет

Жасампаздықтың жарқын көрінісі



Алғыс айту күні –  ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған  күні.

Бұл – Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты мерекесіне айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білген қандастарымыз өз үлгісін түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналдырды.

Алғыс айту күні – қилы кезең­нің қиындықтарын иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мер­зім ішінде Елбасының басшы­лығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Сондықтан ол Қазақстанның тағдыр тоғыстырған көпэтносты халқының ортақ тарихын құр­меттеу күні болады.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен депортация жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақкөңілдік, қолда бармен бөлісу мен көмек көрсетуге дайындықтың рухани дәстүрлерінің күні.

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени сан­алуан­дығымыздың жарқын көрінісі, себебі Елбасы 100-ден аса этнос­тың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің Біртұтас Ұлтымыз бірегей артықшылықтар иесіне айнал­ғанын атап өткен болатын.

Парасатты Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында әлемдік қауымдастықтан өз орнын ойып алған Қазақстан бүгінде бейбітшілік бесігін тербеткен берекелі елге айналды.

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идея­­сының, қазақстандық біре­гейліктің негізгі арқауы – елі­міздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекесі.

Алғыс айту күні – бұл біртұтас азаматтық қағидаттарына негізделген қазақстандық қо­ғамды дамыту арқылы ел бір­лігін нығайту. Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында тұңғыш мерекеленіп отырған Алғыс айту күні – еліміздің әр азаматының жүрегіне жақын, жарқын мере­келердің бірі болмақ.

Ләззат ҚҰСАЙЫНОВА,
Астана қаласы әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

astana-akshamy.kz




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button