ЖаңалықтарҚоғам

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖОСПАРЫНЫҢ ЖАЙ-ЖАПСАРЫ



Кеше Астана қалалық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Онда елордалық Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасы өткізген конкурстардың ақпараттық айқындылығын қамтамасыз ету мәселесі ортаға салынды. Бұл мәселе жөнінде аталмыш басқарма басшысының орынбасары Данияр Якупов баяндама жасады.

Оның айтуынша, жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес Астананың коммуналдық меншік қорына кіретін 20 мекеме жекешелендіруге жатады. Олардың 12-сі биыл жекешелендірілуі тиіс. Атап айтсақ, «Астана-Тазарту» ЖШС, «Астана-Миллениум KZ» ЖШС және «Акмола-Дирмен» ЖШС саудаға шығарылды. «Көркем – құйма комбинаты» кәсіпорнын тендер арқылы сату ұйғарылды.

«Астана» спорттың ойын түрлері клубын «Дәулет» спорт комбинатына қосу жолымен қайта құру шешілді. Тағы бірқатар мекемелер тағдыры тиісті комиссия отырыстарында қаралды. Кредиторлық және дебиторлық қарызы бар кәсіпорындар мәселесі де шешімін тапты. Бұған қоса кейбір мекемелер жалға және сенімді басқаруға берілетін болды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алулар конкурсына сәйкес мониторинг жасалды.

Баяндаманы тыңдаған комиссия мүшелері аталмыш жұмыс бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Соның ішінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтауға, аталмыш жұмысты уақытылы жүргізуге назар аударды.

Аманғали
Қалжанов




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button