Жаңалықтар

Желтоқсан көшесі жабылады



9474ff36e325ae669b65fe0995b

Қыркүйектің 15-і мен 30-ы аралығында жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Желтоқсан көше­сінің Кенесары көшесінен Ирченко көшесіне дейінгі бөлігі жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бұқарбай батыр көшесінен Ирченко көшесіне дейінгі бірінші учаскеде 15-19 қыркүйек аралығында, ал Бұқарбай батыр көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі екінші учаскеде 20-30 қыркүйек аралығында қозғалыс толық тоқтатылады.

Сонымен қатар, 17-30 қыр­күйекте Желтоқсан көшесінің Абай даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігінде қоз­ғалыс жартылай шектеледі.

Жүргізушілерді жолдарда мұқият болуға және жол бағ­дарларын алдын ала жоспарлауға шақырамыз.

Айтпақшы, жол жөндеу жұ­мыстарына байланысты кешкі сағат 21.00-ден бастап Абай даңғылы – Сембинов қиылысында, сондай-ақ Абай даңғылының Уәлиханов көшесінен Бейсекбаева көшесіне дейінгі учаскеде № 5, 8, 14, 22, 40, 42, 64, 73, 106 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгеретінін хабарлаймыз.

№ 8, 22, 40, 106 автобустар Уәлиханов және Кенесары көшелерімен айналып өтеді, бұдан әрі бұрынғы сызба бо­йынша жүреді. Кері қайтқанда да автобус осы сызбамен қозғалады.

№ 5, 14, 64, 73 маршруттар Уәлиханов – Кенесары – Бейсекбаев – Жұбанов – Кенесары көшелерімен айналып өтеді, бұдан әрі күнделікті сызба бо­йынша.

№ 42 маршрут Сейфуллин көшесі – Сембинов көшесі арқылы жүреді. Бұдан әрі қазіргі сызба бойынша.
Жол жөндеу жұмыстары аяқталған соң, автобустар қа­лып­ты бағдарымен жүретін болады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button