Жаңалықтар

Жеті қызы бар анаға көмек



ana-3-asli

Астана маңында тұратын Сағадат Атымтаева есімді жалғызбасты ананың жағдайы жайлы  әлеуметтік желіде жарияланды. Үйі жоқ, күйі жоқ екенін білген астаналықтар екі күннен бері қолдан келген көмекті бастап кетті.

Бұл туралы естіген қала әкімі Әсет Исекешев те үнсіз қалмады. Тиісті орындарға тапсырма беретінін жеткізген. Артынша көп балалы үйге аудан əкімінің орынбасары мен білім беру бас­­қармасының қызметкерлері бар­ған. Мемлекет тарапынан берілетін барлық көмек пен бас­пана мәселесі де назардан қал­майтынын  айтқан. Енді бала­ларына киім-кешек жеткі­зіліп, кішкентай балалары бақ­шаға орналастырылмақ. Қала тұр­ғындары болса, ақшалай көмекті бастап кетті. Кеше Сағадат Атымтаеваның өзі барша  аста­налықтарға ризашалығын біл­діріп, алғысын айтты.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button