Әлеумет

«ЖYРЕКТЕР YНДЕСТІГІ»



Семинар (4)

Астана қаласы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі бас­қарма жанынан құрылған «Жүректер үндестігі» клубы Л.Гуми­лев атын­дағы Еуразия ұлттық университетінде «Халық педаго­ги­касындағы толық адам үлгісі» атты семинар-тренинг өткізді.

Семинардың мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда педа­гог­­тардың кәсіпқой шеберлігін қалып­тастыру, студенттерге «толық адам»  тәрбиелеуде  «іш­­кі
тыныштық» жалпы адам­зат­тық құн­ды­лықтың мәні мен маңыз­ды­­лығы жайында түсінік беру. Жиында университет оқы­ту­шысы А.Ілияс­­қызы екінші курс сту­дент­­­теріне арнаулы са­бақ өткіз­ді. Атал­ған шараға қала­лық Білім бас­қар­масы­ның әдіс­кері А.Мұ­қа­нова, әлеу­мет­­тік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының мең­геру­шісі Қ.Шалғынбаева, Еуразия гума­­ни­тарлық институты мен «Тұран» колледжінің оқыту­шы­лары қаты­сып, өзара тәжірибе алмасты.

Семинар-тренинг тыныштық сәтімен басталды. Студенттер дәйекті сөздерді талқылап, әңгіме аясында өз ойларын ортаға салды. Олардың әрқайсысына «Бақыт символын» ойлап табуға тапсырма берілді.

«Бір-бірімізге бақыт тілейік…» атты ойыны арқылы жылы тілек­тер, рухани лебіздер айтылды.

Клуб өзін-өзі тану педагог­та­рының кәсіби деңгейін жетілдіру үшін әдістемелік көмек көрсетеді, өзара тәжірибе алмасуды ұйым­дастырады.

Лариса ТЕМІРЛИНА,

Астана қаласы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың бас маманы

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button