Жаңалықтар

Зиянкестермен күрес жалғасуда



19 тамыздан бастап елорда аумағында шыбын-шіркейді улау жұмыстарының бесінші кезеңі жүргізіліп жатыр. 7 қыркүйекке дейін созылатын залалсыздандыру шарасы тұрақты және уақытша су айдындарымен ашық алаңдар, қала шетіндегі аумақтарды қамтиды.

Зиянкестердің көзін жоюмен Нұр-Сұлтан қаласының «Астаналық дезинфекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Дезинфекциялау жұмыстарына 150 дезинфектор, 8 биолог-энтомолог, 24 термогенератор, 150 моторлы-ранцты бүріккіштер, дезинфекциялық қондырғылары бар дезинфекциялық машиналар мен мотошасси жұмылдырылған.

Шыбын-шіркейді улау үшін хлорпирифос және малатион белсенді затымен органофосфор қосылыстары класының инсектицидтік препараттары қолданылады. Бұл қоспаның адамдар мен жан-жануарларға ешқандай зияны жоқ.

Зиянкестерді жоюдың бесінші туры жалпы ауданы 667,92 гектар су айдындарында жүргізіледі.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button