Елорда тынысы

Ибн Сина мүсіні ­қойылды



Елордада бүкіл әлемге әйгілі ғалым, философ және дәрігер, ислам ренессансының өкілі Әбу Әли ибн Синаның бюсті ашылды. Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы елшілігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылған ескерткіш Алматы ауданындағы А.Храпатый көшесі бойындағы скверде орнатылды.

Салтанатты рәсімге Тәжікстан Мәдениет министрі Зүлфия Давлатзода, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов және екі елдің өнер мен мәдениет саласындағы қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл бюст Астанадағы Тәжікстанның мәдениет күндері және соған орай Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның биыл 25-26 тамыз күндері Қазақстанға келген жұмыс сапары барысында ашылып отыр.

– Бүгін – еліміздің арасында екіжақты қатынастар тарихындағы өте маңызды күн. Ибн Сина – бүкіл Орталық Азияның мақтанышы, сондықтан бұл ескерткіш еліміз арасындағы терең тарихи байланысты көрсетеді. Монументтің ашылуы – бұл Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндері аясында өтетін іс-шараның бірі. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында кино көрсетілімдері, концерттер мен көрмелер өтуде. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жоспарланған, – деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Ұлы ғалым және ойшылдың қола бюстін тәжік шеберлері жасаған, ал гранитті тұғырды елорда әкімдігі ұсынған. Ескерткіштің биіктігі – 3,1 м.


Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button