Басты ақпаратМәдениет

Сәкен мен Ахмет сабақтастығы



Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты мекемелерде Қазақстан халқы тілдері күніне орай бірқатар іс-шара өтті. М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Даналық диқаншысы» атты танымдық сағат, ал Сәкен Сейфуллин мұражайында дәріс оқылды.

Танымдық сағат «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының мұраларына арналды. Оған №6636 әскери бөлімінің жауынгерлері қатысты. Тағылымды шара барысында ұлт ұстазының жас ұрпаққа ұлағат болар сөздері айтылып, еңбектерінің көрмесі ұйымдас­тырылды. Сондай сөздерінің бірі – «Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек». Ал көрмеден «Тіл – құрал», «Әдебиет танытқыш», т. б. еңбектері орын алды.

Тілдер күніне арналған дәрісті Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығының қызметкері Қабиден Қуанышбай оқыды. Дәрістің дәл Сәкен Сейфуллин музейін­де оқылуының өз себебі бар. Сәкен Сейфуллин 1922 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойын ұйымдас­тырып, жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған. Қаншама қарсылыққа қарамай осы шараны сәтті атқарып шыққан. «Кеңсе тілі – қазақ тілі болсын» деп шырылдаған да Сәкен еді. Ахмет те, Сәкен де қазақтың тілін қасиетті тұғырына қондыру үшін еңбек етті. Шара барысында қос тұлғаның арасындағы сабақтас­тық әңгіме өзегіне айналды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button