Ел тынысы

Астанада 5 жатақхана салынады

Бас қалада биыл 1900 орынға арналған 5 студент жатақханасы салынып, пайдалануға беріледі. Ал 2025 жылға дейін жеке инвесторлар мен жоғары оқу орындарының өз қаражаты есебінен 11 мыңға жуық орынды тапсыру жоспарланған. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Астанада студент жатақханаларын салу бойынша жобалық кеңсе ашылды. Фронт-офистің негізгі міндеті – жатақханалар салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, сол сияқты ЖОО-лар мен әлеуетті инвесторларға заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету.

Жобалық кеңсенің ашылуында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен Ғылым және жоғары білім ми­нистрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйледі.

«Елордаға оқуға келетін студенттер саны жыл сайын артып келеді. Қалада 15 жоғары оқу орны бар, онда 67 мыңға жуық студент оқиды. Олардың бір бөлігі бұл қаладан емес. Жауапты министрлікпен бірлесіп инфрақұрылымды құру бойынша жұмыс жүргіземіз. Жатақханаларда кезең-кезеңімен орын дайындаймыз. Бұл жұмыс инвесторларды да, жоғары оқу орындарын да жұмылдыра отырып жүргізіледі. Біз өз тарапымыздан жер учаскелері мен әкімшілік мәселелер бойынша көмек көрсетеміз» деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Биыл «Қаржы орталығы» АҚ Ғылым және жоғары білім министр­лігі әзірлеген жаңа тетік бойынша субсидиялауға және басқа да мәселелерде көмек көрсетеді. Бұл тетік әрбір төсек-орын үшін жаңа жатақханалар салу кезінде жәрдемақша беруді көздейді. Инвесторлар, Ғылым және жоғары білім министр­лігі, Астана әкімдігі, «Қаржы орталығы» АҚ және бірқатар ЖОО арасында студент жатақханаларын салу бойынша алдағы уақытта табысты ынтымақтастық орнату туралы меморандумдар жасалды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button