#Жаңа Қазақстан

Дұрыс таңдау ­жасаймыз



Елімізде қоғамдық-саяси өзгерістер жүріп жатыр. Қазір мұны жұртшылық бұрынғыдан да жақсы сезініп, Қазақстандағы алдағы жақсы өзгерістерге халық көбірек атсалысуда. Осының аясында көптеген адам жаңартуларды күтуде. Өйткені Президент сай­лауынан кейін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауын күтіп отырмыз.

5 маусымда біз дауыс берген реформалар өзгерістердің бастауы болды. Сонымен қатар әлемдегі геосаяси жағдай шиеленісіп, бұл Қазақстан экономикасы мен халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етуде. Әлемдік қауымдастық шиеленісіп тұр. Біз жеке – ішкі ғана емес, сонымен бірге жаһандық – сыртқы туралы да ойлағанымыз дұрыс, мұның бәрі елімізге қалай әсер ететінін тал­дауымыз керек. Сондықтан елімізде бұдан да зор бірлік пен татулыққа, бірлікке ұмтылғанымыз жөн. Алдағы сайлау елімізге қажет саяси жүйені жаңартудың маңызды кезеңі деп білемін. Барлық реформаларды өмірге әкелу маңызды. Бұл референдум қорытындысының бір бөлігіне айналып, мемлекет пен халық арасындағы қарым-қатынасқа оң әсер етеді. Кезектен тыс президенттік сайлауды және кейінірек парламенттік сайлауды өткізуді саяси жүйені жаңғырту аясында Мемлекет басшысы ұсынған реформалар кешенінде қарастырған жөн. Әңгіме, ең алдымен, Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қыз­метінің басында айтқан реформалардың толық жүзеге асырылуы туралы болып отыр.

Еліміздегі саяси трансформация процесінің қисынды қорытындысы бола отырып, биліктің барлық тармағын қайта бастау үшін кезектен тыс президенттік, содан кейін парламенттік сайлаулар өткізу қажет. Мемлекеттік құрылымымыздың саяси моделі қазір трансформация мен жаңғыру үстінде. Ал биліктің барлық тармағында Конституцияға қабылданған түзетулерден кейін өзгерістер де болуы керек және болады. Сондықтан саяси реформалардың бүкіл кезеңін жалғастыру үшін президенттік және парламенттік сайлаулар қажет. Өз кезегінде, бір реттік президенттік билікті енгізу Мемлекет басшысының барлық күш-жігері мен барлық әлеуеті дәл бір мерзімге шоғырлануы, реформалар мен қайта құрулар келесі мерзімге қалдырылмауы үшін қажет. «Президент боламын, маған алты ай уақыт беріңіз, мен бүкіл әлемді төңкеремін» деген сөз жоқ. Тарихқа көз жүгіртсек, бәрі де бірте-бірте осыған қарай жылжып келеді. Қазір елімізде болып жатқан үдерістер дәл осындай форматты, осындай үлгіні қажет етеді. Бес жыл реформалар мен міндеттердің бүкіл циклін аяқтау үшін жеткіліксіз. Мен Қазақстан халқы 20 қарашада «Жаңа Қазақстан» үшін дұрыс таңдау жасайтынына сенемін.

Бауыржан ЖАНҚОНАҚОВ,

Астана қалалық мәслихатының депутаты




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button