#Жаңа Қазақстан

Жаңа экономикалық бағдарды айқындады



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауының мәні айрықша, маңызы ерекше. Стратегиялық құжатта саяси реформалардан экономикалық бағытқа бағдар алғанымызды аңғардық.

Қазақстан – ардақты атамекеніміз, қасиетті жеріміз. Осы Отанымызды озық елдер қатарына қосамыз десек, шұғыл жаңа экономикалық үлігіге көшу керек. Яғни мықты өнеркәсіптік негіз қалыптастыру, протекционистік өнеркәсіпке көшу. Қарапайым тілмен айтқанда, отандық өнеркәсіпке көмектесу үшін сырттан келетін өнім импортын азайту деген сөз. Бұл тек ұлттық экономиканы көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапаны арттыру үшін маңызды.

Мемлекет басшысының көтерген мәселелері «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Халық арасында алаңдатушылық тудырған атом электр станциясын салу мәселесі жалпыұлттық референдумда қарастырылмақ. Жылу электр станцияларында болған апаттар бойынша да Үкіметке тапсырма берілді. Газбен қамтамасыз ету, тарифтерді қайта қарастыру, жаңа әдістеме енгізу қазіргі өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Сонымен қатар кәсіпкерлерге қолдау көрсету, бизнесін дамытуға мүмкіндік беру мақсатында оларды қудалауды біржола тоқтату маңызды.

Әрине екі жақтап шешілетін мәселелер де бар. Мысалы су ресурсына қатысты мемлекет тарапынан инфрақұрылымдарды жаңарту, озық технологияларды енгізу болса, халық тарапынан ысырапсыз, орынды пайдалану. Сол секілді жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң 500 мың азаматты қиын жағдайдан шығарған болса, азаматтар да қаржы сауатын арттыруға тырысу керек.

Мәдениет, білім, ғылымды дамыту әр адамның өзінен басталады. Бұл жөнінде Президентіміз жақсы ой салды. Қоғамды құрайтын адамдар, сондықтан дұрыс қоғамдық сана  қалыптастырғымыз келсе әркім өзінің ниетін түзеу керек. Бізге қазір ең керегі ізденімпаз, еңбекқор, ең бастысы отаншыл кадрлар. Бүгінгі жолдаудың негізгі мәні осы.

Ерлан ДАКЕНОВ,

Астана қаласы мәслихатының депутаты




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button